Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда!
Отырар жалпы білім беретін мектебінде 20.03.2025 ж күні көктемгі 10 күндік демалысқа байланысты ата-аналармен "Құқық бұзушылықтың алдын алу және көктемгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі" тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста балалардың қауіпсіздігі басты назарға алынып, ата-аналарға маңызды кеңестер берілді.
Жол қауіпсіздігі – балалардың көлік қозғалысы көп жерлерде абай болуын, жол ережелерін сақтауын қадағалау.
Су айдындарынан сақ болу – мұз еріп жатқан кезеңде өзен-көлдерге жақындамау.
Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас – бөгде адамдарға сенбеу, күмәнді ұсыныстарға келіспеу.
Ғимараттар мен құрылыс алаңдары – қараусыз қалған орындарда ойнамау.
Интернет қауіпсіздігі – әлеуметтік желілердегі қауіпті контенттен балаларды қорғау.
Ата-аналар мен ұстаздар бірге жұмыс істегенде ғана балаларымыздың демалысы қауіпсіз, әрі қызықты өтеді. Баршаңызға амандық тілейміз!