Отырар ауданының білім бөлімі мен «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығының» хатына және 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Отырар жалпы білім беретін мектебінде
11 ақпан күні
Zoom платформасы арқылы
«Балаларды қауіп-қатерден қорғау: алдын алу және қолдау шаралары» тақырыбында вебинар өтті.
Вебинар барысында балалардың қауіпсіздігін сақтау, түрлі қауіп-қатердің алдын алу жолдары, дер кезінде қолдау көрсету тетіктері кеңінен түсіндірілді. Іс-шара оқушылармен жұмыс жүргізудегі жауапкершілікті арттырып, психологиялық қолдаудың маңызын айқындай түсті.
Мектебіміздің 7–8 сынып жетекшілері белсенді қатысып, өзекті ақпараттармен танысты.
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!





