Балалар кітапханасы жобасы аясында– оқырман отбасы!
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Отырар жалпы білім беретін мектебінде 2 а -сынып жетекшісі Л.Төлебекова мен кітапханашы Ф.Момбекованың ұйымдастыруымен «Оқырман отбасы» сайысы жоғары деңгейде өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, отбасылық оқу мәдениетін қалыптастыру.
Сайысқа белсенділігімен, ұйымшылдығымен, өнерімен ерекшеленген 4 отбасы қатысып, әрқайсысы өздерінің кітапқа деген сүйіспеншілігін ерекше форматта көрсете білді.
Сайыс кезеңдерінде:
– Отбасылар сүйікті кітаптарын таныстырып, оның мазмұнын көркем жеткізді;
– Оқылған шығарма бойынша сұрақтарға жауап беріп, білімдерін дәлелдеді;
– Отбасылық ұйымшылдық, тапқырлық, шығармашылық қабілеттерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл тағылымды шара оқырман мәдениетінің отбасынан басталатынын айқын көрсетіп, балалардың кітап әлеміне деген құштарлығын арттырды.
Қатысқан барлық отбасыларға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз!
Бала тәрбиесіндегі ең үлкен мұра – оқу мәдениетін қалыптастыру, ал оны жұдырықтай жұмылған жанұя болып дамыту – үлкен жетістік.





