"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы "Балалар кітапханасы" жобасы
25 қазан – Республика күніне орай
Отырар жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 қазан Республика күні мерекесіне арналған танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараны мектеп кітапханашысы Момбекова Фариза ұйымдастырды.
Мақсаты – оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту.
Кітап көрмесінде оқушыларымыз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, ұлттық теңгеміз және еліміздің танымал ақын-жазушыларының еңбектерімен танысты.
1-сынып оқушылары сынып жетекшісі Қ.Сейтбекова апаймен бірге кітапханаға келіп, әсерлі кездесу өткізді.
Бақытжан Ақерке есімді оқушымыз ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Сондай-ақ кішкентай бүлдіршіндеріміз Отан, туған жер, Тәуелсіздік туралы тақпақтарын мәнерлеп айтып, өз өнерлерін көрсетті.
Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Әбішов пен қосымша білім беру педагогы Ғ.Жүсіпбаев оқушыларға кітап оқудың маңыздылығын айтып, кітапханамен тығыз байланыста болуға шақырды.
Осындай мазмұнды шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, құндылыққа құрмет және білімге деген құштарлық қасиеттері қалыптасады.





