Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Бүгін мектебімізде «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты тілдер айлығының ашылу іс-шарасы өтті.

Бүгін мектебімізде «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты тілдер айлығының ашылу іс-шарасы өтті.

Бүгін мектебімізде «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты тілдер айлығының ашылу іс-шарасы өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, әр ұлттың тілін қадірлеуге баулу және достық пен бірлікті нығайту. Айлықтың ашылуында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, әсем ән айтып, мәнерлеп өлең оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Шара барысында мектебіміздің басшысы Асилбеков Керімбек ағайымыз сөз сөйлеп, тіл мамандарына алғысын білдіріп, олардың білім мен тәрбие саласындағы еңбегін жоғары бағалады. Ұстаздарға шығармашылық табыс тілеп, тілдердің қоғамдағы маңызы туралы жылы пікірін жеткізді.

Айлықтың ашылу кеші өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. Осындай игі бастамалар арқылы оқушыларымыздың тілге деген сүйіспеншілігі артып, білімге деген құштарлығы одан әрі нығая түсетіні сөзсіз.

«Тіл – достықтың алтын көпірі» айлығы барша ұстаздар мен оқушыларға шабыт пен жаңа жетістіктер әкелсін!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2126668891427309&set=pcb.2126669661427232&__cft__[0]=AZbrPnrwyzEcdZA9G9L2-oedpHi32rg4IpCAUrP8jYio5MWhakwsEap1nUFB8Kk24LMO2bAwqcEa_sKnEt8fSna8sBcrc8TqeEoEIEkqXtxZGIdI1oIIAeg7TsZ7xVQGxZCU6mqHDd2k-KRdX-aYzpT6zDnScXJ9t0DI5IjCfttnr9gp4Zy7pU6ZFFbKgnlgJr8&__tn__=*b0H-R