Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
“Ауғанның отты жалыны”

“Ауғанның отты жалыны”

Отырар жалпы білім беретін мектебінде мектеп тәлімгері Ф.Төлеген, ұйымдастырушы – педагог Г.Әлімбекова және АӘД пәнінің мұғалімі С.Байқозының ұйымдастыруымен “Ауғанның отты жалыны” атты аудан соғысының ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Кештің негізгі мақсаты: ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Осы орайда өнерлі оқушыларымыздың әндеріне, керемет өлең шумақтарына тәнті болған ардагерлер сөз алып, өздерінің алғыстарын білдірді. Кешіміздің соңында Сулейменов Бақытжан ардагер ағамыз өздерінің естеліктерімен бөлісті. Оқушыларды Отан сүйгіштікке, елінің патриот азаматы болуға шақырды. Кешіміз өз деңгейінде жақсы өтті.

Ауғанның отты жалыны 2 Ауғанның отты жалыны 3 

Ауғанның отты жалыны 4