Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
Ата-аналар жиналысы – 2025-2026 оқу жылы

Ата-аналар жиналысы – 2025-2026 оқу жылы

Ата-аналар жиналысы – 2025-2026 оқу жылы

Отырар жалпы білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысты мектеп директоры Асилбеков Керімбек ашып, күн тәртібімен таныстырып берді. Ата-аналар қауымына маңызды мәселелер талқыланып, алдағы оқу жылына қатысты жоспарлар айтылды.

Мақсаты: Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ата-ананың рөлін арттыру, мектеп–ата-ана–оқушы арасындағы байланысты нығайту.Жиналыс барысында мектептің алдағы оқу-тәрбие жұмыстары таныстырылып, оқушылардың білім мен тәрбие сапасын арттыру бағытындағы мәселелер қаралды.

Сонымен қатар ата-аналар комитеті қайта сайланып, төрағасы болып көпшіліктің қолдауымен Ердемқұл Нұрқұл ағайымыз сайланды

Комитеттің жаңа мүшелері:

1. Пәсетов Темірхан

2. Аубакиров Лесбай

3. Мырзабеков Қуаныш

4. Ерланқызы Динара

5. Мұстафаева Гүлсара

6. Сыздықова Ғалымкүл

7. Исабаева Жадыра сайланып, мектеп пен ата-аналардың ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған жоспарлар талқыланды.

Ата-аналардың ұсыныстары тыңдалып, бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абишов Жеңісбек «Бала – біздің болашағымыз» тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың тәрбиесі мен болашағына ата-аналардың ықпалы жөнінде айтты. Баяндамадан соң қазіргі таңдағы отбасылық зорлық-зомбылық туралы бейнебаян және дінге қатысты бейнебаян көрсетілді.

Мектебіміздің психологы Абдрахимов Бағланның ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған «Бағдаршам» тренингі өткізілді.Тренинг барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі өзара түсіністік, дұрыс бағыт-бағдар беру, жағымды қарым-қатынас орнату жолдары түсіндірілді.

Ата-аналар жиналысына аудандық полиция инспекторы қатысып, оқушылардың тәртібі туралы сөз қозғады. Түнде ата-анасыз жүрмеу, телефон мен құмар ойындарға жоламау туралы айтты. Әсіресе балалардың кешкі уақытта көшеге себепсіз шықпауы, қауіпсіздік ережелерін сақтауы, мопед айдап жүрмеуі жайлы ескерту жасалды.

Ата-аналар жиналысы барысында залдағы ата-аналардың қысқаша ой-пікірлері тыңдалды. Темірхан ағай, Ғалымкүл апай, Жазира апай осы ата-аналарымыз өз ұсыныстарын білдіріп, балалардың білім сапасы, тәрбиесі және мектеппен өзара байланысы жайлы маңызды мәселелерді ортаға салды. Жиынға белсене қатысқан ата-аналарға ризашылық білдірілді.

Қыздар ұйымының жетекшісі Төлімбетова Гүлмира апайымыз оқушылардың мектеп формасын дұрыс киюі, қыз бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы мәнді де мазмұнды әңгіме өрбітті. Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Жиналыс барысында ата-аналар да өз пікірлерін ортаға салып, қыздарымыздың болашағына қатысты ойларымен бөлісті.

Ата-аналар жиналысын қортындылай келе, мектебіміздің директоры Асилбеков Керімбек Төребекұлы демеушілік жасап 2025-2026 оқу жылында ҰБТ-дан 120 балл жинаған шәкірттерімізге оқуына баруы мен жайғасуына қаржылай көмек көрсететінін хабарлады.Бұл – біздің білімді жастарға көрсетілген үлкен қолдау әрі алдағы сынаққа дайындалып жүрген түлектерге зор мотивация.

Бәріңізге сәттілік тілейміз!

фото9 фото10 

фото11 фото13 

фото15