Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің ардагер ұстаздарына ерекше құрмет көрсетілді. Мектеп директоры Оспанов Жанболат ағайдың бастамасымен мектеп ұжымы ардагер ұстаз Ердемқұл Нұрқұл ағайдың, Мауленов Тайбек ағай, Смайлова Тұрғанкүл апайдың, Серікбаева Әлия апайдың, Жақыпбеков Пернебай ағай, Тайтелиева Рымкүл апайдың үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.
Бұл игі дәстүр – өткенге тағзым етіп, білім жолында еңбек сіңірген ұстаздарға құрмет көрсетудің жарқын үлгісі. Ардагер ұстаздарымыз өздеріне көрсетілген ықылас пен құрметке риза болып, шексіз алғыстарын білдірді.
Мектеп ұжымы ардагер ұстаздарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және береке-бірлік тіледі. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдіміз!
Ұстаздарды құрметтеу – болашаққа жол ашу