"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай МАД тобының жетекшісі М.Ерназарованың ұйымдастыруымен "Анашым-күнім" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. МАД тобының бүлдіршіндері жас ерекшеліктеріне сай жаттаған тақпақтарын, әсем әуендері мен мың бұралған билерін көрсетті. Бұл топта Республикалық Мұқағали оқуларына қатысып, оның шығармаларын Ербол Айзере жатқа айтып берді, Бақытжан Ақерке, Сарманбай Назерке, Дүйсенбай Қалимаш сынды қыздар ана туралы өлеңдерін айтты. Ұлдар тобы да, қыздар да бірнеше қазақ және басқа ұлт билеріне билеп шықты, сонымен қатар ағасы мен қарындасының билері өте тартымды шықты. Іс-шара соңында Республикалық, облыстық онлайн жарыстарға қатысып жүлделі орын алған балаларға Марапаттау қағаздары берілді. Білімді де өнерпаз шәкірттеріміз мектебіміздің мақтанышы бола берсін!
Жаңалықтар
