«Ана-өмірдің шуағы»
Түркістан обылысы.
Отырар ауданы
Отырар жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 07.03.2025.ж. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 2 сынып жетекшісі Бұлдырықова Тәттігүл апайдың ұйымдастыруымен «Ана-өмірдің шуағы» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, сыйластықты, инабаттылықты, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында қыздар мың бұрала би билесе, ұл балалар ән айтып, аналарға жыр тақпақтарын арнады.