Жұмысшы мамандықтар жылына орай, кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 5–9 сынып оқушылары арасында «Адам өміріндегі еңбектің рөлі» атты эссе жазу жұмысы өткізілді.
Іс-шара кәсіби бағдар беруші педагог Ж. Абуованың ұйымдастыруымен өтті.
Шараның мақсаты – оқушылардың еңбекке деген құрметін арттыру, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын түсіндіру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Оқушылар өз ойларын әсерлі түрде қағаз бетіне түсіріп, еңбек адамдарының өмірдегі орны туралы мазмұнды эсселер жазды.





