Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
«Адалдық дүкені»

«Адалдық дүкені»

«Адалдық дүкені»

Мектебімізде МАД тобының жетекшісі М. Ерназарованың ұйымдастыруымен оқушылардың бойына адалдық, шыншылдық, әділдік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Адалдық дүкені» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында балалар дүкен жағдайын рөлдік ойын арқылы сахналап, сатып алушы мен сатушының әрекеттерін көрсетті. Арнайы дайындалған ойыншықтар, себеттер, ақша макеттері арқылы оқушылар шынайы өмірге жақын жағдаяттарды бастан кешіріп, дұрыс әрекет жасаудың маңызын түсінді.

Сабақтың басты мақсаты:

🔹 адал әрекет жасауға үйрету

🔹 шыншыл болудың маңызын түсіндіру

🔹 әділдік туралы ұғым қалыптастыру

🔹 шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту

Оқушылар өз іс-әрекеттері арқылы адалдықтың адам өміріндегі орны ерекше екенін ұғынып, жақсы мен жаманды ажыратуға қадам жасады.

✨ Адал ұрпақ – ел болашағының кепілі!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2096017434492455&set=pcb.2096017671159098&__cft__[0]=AZZ0O4ynGuUfVPyCNwKlKX0P5B56TwN5CapVL8rKFWNR7EntTKHLn4x6_kz_apocHm2RQ0w-_cA-EbWQQbgkF-6r4LhUOFfRYq-n1BUUwvsJQ4bjnecpTlKo8iJcnQfCKkf56eXYLKVULhzrPgj84-AbDGgOhSZAHB1s3hHwKeeW8xwOw_FA6xnGgaOURSpfZDQ&__tn__=*b2H-R