"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінде
«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз, қауіпсіз мектеп» тақырыбында мазмұнды ата-аналар жиналысы өтті.
Іс-шараны 5 «А» сынып жетекшісі Ж.Сатыбалды және әлеуметтік педагог К.Одаман ұйымдастырды. Жиналыс барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, ұстаз бен ата-ана ынтымақтастығы, мектептегі қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Ата-аналар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер бала болашағы үшін ортақ жауапкершілікті арттырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайта түсетіні сөзсіз.
Барша қатысқан ата-аналарға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет.





