"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Балаларға ұлттық және рухани тәрбие беру»
Абай Құнанбаевтың тағылымды мұраларын негізге ала отырып, «Адал азамат – адал ұрпақ» бағдарламасы аясында үлгілі ашық тәрбие сағаты мен үлгілі ата-аналар жиналысы өзара сабақтастықта, мазмұнды түрде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, рухани-адамгершілік тәрбие беру, адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ ата-ана мен мектеп ынтымақтастығын нығайту болды.
Тағылымды жиын барысында Абайдың нақыл сөздері мен өнегелі ойлары кеңінен насихатталып, бала тәрбиесіндегі отбасы мен ұстаздың ортақ рөлі айқын көрініс тапты.
Аталған тәрбиелік мәні зор іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, мазмұнды түрде өткізген жетекшісі — Шөпшекбаева Гүлсім.
Ұлттық рухты ұлықтаған, тәрбиелік маңызы зор шара өз мақсатына жетіп, қатысушыларға терең ой салды.





