“АДАЛ АТА-АНА – ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ”
“Отырар” жалпы білім беретін мектебінде 5–8 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналысқа мектеп директоры К.Асилбеков қатысып, оқушылардың сапалы білім алуы мен қауіпсіздігі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, тәртіп пен қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.
Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абишов жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың өмір қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік, су және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сынып жетекшілері ата-аналарды «Жазғы демалыс кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі» туралы қолхатпен таныстырып, интернет қауіпсіздігі, кешкі уақыттағы бақылау, жасөспірімдер тәрбиесі жөнінде маңызды ақпараттар берді.
Жиналыс барысында ата-аналар өз ой-пікірлерін ортаға салып, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне байланысты ұсыныстарын білдірді.
Бала қауіпсіздігі – басты назарда!





