“Абыройлы еңбектен - құрметті зейнетке”
Отырар жалпы білім беретін мектебінде кітапханашы болып 41 жыл еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік жасқа жетіп отырған Жылқыбаева Хадиша апай "Абыройлы еңбектен - құрметті зейнетке" атты зейнеткерлікке шығарып салу салтанатты шарасы болып өтті.
Кеш барысы "Кітапханшы апайға " әнінен бастау алып, алғашқы тілек мектебіміздің директоры Оспанов Жанболат ағай, АББ әдіскері Жақсыбаева Манат апай, кәсіподақ ұйымының төрайымы Төлегенова Шамшат апай ыстық лебізін білдірді. Зейнет жасына арналған тілектер, әндер, өлеңдер толастамады .
Кеш соңында ұжымдастар тілектерін арнап, Хадиша апайдың немерелері Айкөркем мен Аймерейдің орындауында "Әже туралы " әнін әсерлете шырқады. Барлық марапат пен сыйға лайықты аяулы апайымыздың мерейі асып, ұжым үлкен қимастық сезіммен қошеметке бөледі.