![]()
«Абай мұрасы – асыл қазына» ![]()
![]()
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Отырар жалпы білім беретін мектебінде Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының рухани темірқазығы, ұлт санасының биік шыңы. Ұлы ақынның бай мұрасын жас ұрпақтың бойына сіңіру, ойлы сөзін үлгі ету – бүгінгі білім мен тәрбие берудің басты міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта 8 «а» сыныбында сынып жетекшісі Карбозова Гүлмира апайдың ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – асыл қазына» атты тағылымы мол тәрбиелік сайыс сабақ өткізілді. Сабақтың басты мақсаты – оқушылардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру, ойлау қабілеті мен тіл мәдениетін дамыту.
Сайыс сабағы 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінің мағынасын талдап, логикалық тапсырмалар орындады. Оқушылардың белсенділігі, тапқырлығы мен білім деңгейі сайыс барысында айқын көрінді.
Сабақ барысында ұлы ойшылдың өсиетке толы сөздері оқушыларды ойландырып, жақсылыққа, білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелейтін құнды мұра екені тағы бір мәрте дәлелденді. Әр кезең оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, командалық жұмысқа баулыды.
Тәрбиелік мәні зор бұл сайыс сабақ оқушылардың жүрегінде Абай мұрасына деген құрметті күшейтіп, рухани байлыққа жетеледі. Ұйымдастырушы ұстаздың еңбегі мен оқушылардың ізденісі – бүгінгі сабақты мазмұнды әрі әсерлі етті.
Абай мұрасы – мәңгілік, ал оны дәріптеу – ұрпақ парызы!





