Отырар жалпы білім беретін мектебінде "Абайтану" үйірмесінің жетекшісі Ауелбекова Айгүлдің ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
Мақсаты – оқушыларға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын терең таныту, оның өлеңдері мен қара сөздері арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру болды.
Сабақ барысы бірнеше кезеңнен тұрып, әр кезең өзіндік ерекшелігімен, мазмұнымен оқушылардың қызығушылығын оятты:
1-кезең: «Өлең – сөздің патшасы»
2-кезең: «Қара сөздің қазынасы»
3-кезең: «Әуезді әуен»
4-кезең: «Ұлы Абай ізімен»
5-кезең: «Жидебай жұмбағы»
Сабақтың қорытынды бөлімінде сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білім деңгейі сараланып, олардың белсенділігі артты. Қызықты тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, сабаққа деген ынтасын күшейтті.
Әр кезеңде білім мен тәрбиені ұштастыра білген бұл шара оқушылардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал етті.
Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы жас ұрпаққа ұлы тұлғаның өнегелі өмірі мен тағылымды мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық рухымыздың нығаюына үлес қосуда.





