9 мамыр — Жеңіс күні мерекесіне орай мектеп кітапханашысы Ф.Момбекованың ұйымдастыруымен «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбында кітап көрмесі жасалып, 10-сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлық туралы мәліметтер беріліп, ардагерлердің қайсарлығы мен ел үшін жасаған ерен еңбектері насихатталды. Кітап көрмесіне қойылған тарихи және көркем әдебиеттер арқылы оқушылар Жеңіс күнінің маңызын терең түсініп, патриоттық рухта әсер алды.
Сабақ соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Әбішов пен мектеп мінезгері Б.Абдрахимов ұйымдастырылған шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастырып, тарихқа деген құрметін арттырары сөзсіз





