Бүгін мектебімізде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай тағылымы мол үлкен іс-шара өтті.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде АӘД пәнінің мұғалімі Сырым Байқозы, тәлімгер Ф.Төлеген, ұйымдастырушы Н.Нажмаддиновагың ұйымдастыруымен 10-сынып оқушыларымен бірге арнайы шеру өткізіп, айбындылық танытты. Оқушылар Жеңіс тақырыбында патриоттық әндер шырқап, мың бұрала би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Оқушыларымыз Отан үшін жанын қиған батырларды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл — ерлікке тағзым, батыр рухына деген құрметтің белгісі. Мектебіміздің директоры Асылбеков Керімбек ағайымыз бастаған бірнеше ұстаздар қауымы да оқушылармен бірге барып, гүл шоқтарын қойды.
Мерекелік шараға тәжік-ауған соғысының ардагері Өтелбаев Жолбарыс Алдабергенұлы мен ауыл әкімшілігінен Кенжеғұлов Бекжан ағаларымыз арнайы қатысты. Қонақтар батырлар рухына тағзым етіп, жас ұрпаққа деген ақ тілектерін айтып, патриоттық тәрбие мен елге деген құрметтің үлгісін көрсетті.
«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» демекші, батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Жеңістің рухы әрдайым жүрегімізде сақталады





