Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
8 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ

8 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ

Отырар жалпы білім беретін мектебі КММ-нің «Достық» пән әдіс бірлестігінің «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбындағы айлық іс-шаралары аясында 8 «Б» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақты қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Додабай жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Сабақ тақырыбы: Тахауи Ахтановтың Күй аңызы әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ұлттық құндылықтарға негізделген түрлі әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Киіз үй арқылы топқа бөлу, «Кездейсоқ барабан» әдісімен үй тапсырмасын сұрау, «Мектеп Ай» платформасындағы «Ұяшықты ашыңыз» әдісі, «Арқан тартыс» ойыны арқылы бекіту тапсырмалары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қазақтың күйі арқылы сергіту сәті өткізіліп, ЖИ көмегімен бейнеролик көрсетілді. «Комикс» әдісі арқылы оқушылар кейіпкерлердің болмысын талдап, өз ойларын еркін жеткізді. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар тиімді жүргізіліп, оқу мақсатына қол жеткізілді.

Сабақ соңында оқушылар «Домбыра» әдісі арқылы бағаланып, белсенділік танытқан оқушылар атап өтілді. Ашық сабақ мазмұнды, әсерлі және жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2149893279104870&set=pcb.2149893545771510&__cft__[0]=AZa2tRhdXUHUHOvQd5kVuUmFoAdGPxGAbmur9d4WSlrLoE0Lqf5i0RWL0NXIudzxKl2fl9SfwZjbInS6LZc2VjBj3ijBOhAvAp2nstzGW-wKdZ9TH2VNOZYIEDC3ZAOnhIJ_9S4zihFxoI-cbM-G4kYWhBZ6XnXeoDfYir6e9fBXY_JHHwStpughKkDmNQQbWkk&__tn__=*b0H-R