Салауатты өмір салтын насихаттаған марафон
Отырар жалпы білім беретін мектебінде "7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай ДТІЖО Ж.Абишовтың, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің бастамасымен спорттық марафон ұйымдастырылды. Бұл марафон мектебіміздің оқушыларын салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Марафонға 6-10 сыныптың оқушылары қатысып, спорттық жарыстар арқылы өздерінің белсенділікке деген қызығушылығын көрсетті. Іс-шара барысында оқушылар таза ауада серуендеп қана қоймай, денсаулық туралы пайдалы кеңестер алып, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!