Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
6 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күні.

6 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күні.

Сайлау — бұл халықтың дауысы, ал дауыстың құны — демократияның негізі.

Отырар жалпы білім беретін мектебінде "6 ақпан — Дүниежүзілік сайлау күніне" орай, 9-11 сынып оқушылары арасында Отырар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Жұбаев және мектеп директоры Ж.Оспановтың, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Асилбековтың, 509 сайлау учаскесінің комиссия хатшысы Б.Абишовтың ұйымдастыруымен оқушыларға сайлау жүйесінің маңыздылығын түсіндіру, оларды демократиялық құқықтар мен міндеттер туралы ақпараттандыру жиыны болып өтті. Ұйымдастырушылар әлемнің әртүрлі елдерінде өткізілетін сайлау жүйелері мен олардың ерекшеліктеріне тоқталды. Оқушылар сайлау үдерісі мен азаматтық құқықтар жайлы тереңірек түсінік алды. Сабақ барысында оқушылар сайлаудың тарихы, әділ сайлау өткізу принциптері, сайлаушылардың құқығы мен міндеттері туралы пікір алмасып, қызықты сұрақтар қойды. Сондай-ақ, бұл іс-шара балалардың саяси сауаттылығын арттырып, оларды өз құқықтарын қорғауға, демократиялық құндылықтарды ұстануға тәрбиелеуге бағытталды.

6 ақпан Дүниежүзілік сайлау күні. 1

6 ақпан Дүниежүзілік сайлау күні. 2