Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
5 “Ә” сыныбының ата-аналарымен маңызды әрі мазмұнды кездесу

5 “Ә” сыныбының ата-аналарымен маңызды әрі мазмұнды кездесу

Бүгін 5 “Ә” сыныбының ата-аналарымен маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара сынып жетекшісі Айтжан Элмира Қалжанқызының ұйымдастыруымен ата-аналарды педагогикалық қолдау аясында өткізілді.

Кездесу барысында 3-тоқсанның қорытындылары талқыланып, оқушылардың білім деңгейі мен тәртібі сараланды. Сонымен қатар, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасы мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығы кеңінен сөз болды.

Жиын барысында “Адал азамат” қағидатына негізделген біртұтас тәрбие беру бағытына ерекше көңіл бөлініп, бұл құндылықтарды бала бойына сіңірудің маңызы атап өтілді.

Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасу арқылы ортақ шешімдерге келді. Сондай-ақ, келесі оқу жылынан бастап ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысын жаңа, ерекше идеямен бастау ұсынылып, бұл бастама көпшілік тарапынан қолдау тапты.

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2137737326987132/920343590606781?__cft__[0]=AZYdULVZkzUJnfisWA6uLPXRS8CO-65e4mKts_lGi5fljVGjG1yAmEylb_5hfvpq6v6vguzlrjJRqjC5g34otIcnaEn2SzrEmVOMSWNi6bo_h335gIkfLbtBSaUBmkzePlGRR5KTDoEJXCzWFbCE6chG_efu4V3gFv8dS3pGrtg7Fm5EDG8_1FrOtB9y5teU7-o&__tn__=*b0H-R