25 қазан – Республика күніне 35 жыл! ![]()
Бүгін мектебімізде еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – Республика күніне 35 жыл толуына орай тәлімгер Ф. Төлеген мен педагог-ұйымдастырушы Н.Нажмаддинованың ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара болып өтті. Бұл мереке – тәуелсіздіктің алғашқы қадамы, елдігіміздің ең басты нышаны, егеменді еліміздің іргетасын қалаған тарихи күн.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, егемен еліміздің тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру. Шара барысында оқушылар ел тәуелсіздігі, бірлігі мен болашағы туралы әсерлі өлеңдер оқып, күмбірлеген күй мен әсем ән тарту етті. Би өнері арқылы елдің жарқын келешегін, бейбіт өмірдің қуанышын паш етті.
Мерекелік шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылып, одан кейін оқушылардың орындауындағы көріністер мен композициялар жалғасты. Әрбір өнер нөмірі – Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық сезімнің жарқын көрінісіне айналды. Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған аға тәлімгер Ф.Төлеген мен педагог-ұйымдастырушы Н.Нажмаддиноваға зор алғыс білдіреміз! Олардың еңбегі мен шығармашылығының арқасында мереке мазмұнды да әсерлі өтті.
Осындай рухани мәні зор іс-шаралар оқушылардың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық сана-сезімін қалыптастырады. Егемен еліміздің жарқын болашағы – білімді де рухы биік ұрпақтың қолында! ![]()
#РеспубликаКүні #35жыл #ТәуелсізҚазақстан #Патриоттықрух #Отырармектебі





