7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 2 «А» сыныбында «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Сынып жетекшісі: Л. Төлебекова
Сабақ барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейтіп, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, спортпен айналысудың пайдасы жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Балалар түрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы белсенді қатысып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты міндет!





