Отырар жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
18 наурыз — Ұлттық киім күні

18 наурыз — Ұлттық киім күні

🇰🇿18 наурыз — Ұлттық киім күні

🔰Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Бұл күні ата-бабамыздан жеткен құнды мұраны дәріптеп, қазақы киім кию – ұлттық рухты жаңғыртудың тамаша мүмкіндігі. Әр ою, әр өрнек – терең мағыналы, ата-баба аманаты.

📌Бүгін Отырар жалпы білім беретін мектебінде ұлттық киімді дәріптеу акциясы өтті. Оқушылар мен мұғалімдер қазақы киім киіп, ұлттық дәстүрлерді насихаттады. Бұл шара арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыру көзделді.

🎗Ұлттық киім күні – тек сән емес, рухани құндылықтарға құрмет білдіру. Киімімізбен бірге салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді дәріптейік!

 18 наурыз Ұлттық киім күні 2 18 наурыз Ұлттық киім күні 3 

18 наурыз Ұлттық киім күні 4