16 наурыз – Шаңырақ күні: Береке мен бірліктің нышаны
Қазақ халқы үшін шаңырақ – отбасының берекесін, ел мен жердің тұтастығын бейнелейтін қасиетті ұғым.
16 наурыз – Шаңырақ күні, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше күн.Шаңырақ – әкенің аманаты, ананың мейірімі, баланың болашағы. Ол – туған жердің киесі, атамекеннің шежіресі. Бұл күні әр шаңырақта ізгі тілектер айтылып, үлкендерге құрмет көрсетіліп, отбасылық дәстүрлер жаңғырады. Осыған орай, мектебімізде 7 "А" сынып жетекшісі Г.Карбозованың ұйымдастыруымен салт-дәстүрімізден үзінді қойылымдар көрсетілді. 7 "Ә" сыныбының жетекшісі Н.Нажмаддинованың ұйымдастыруымен "Қош келдің, Әз-Наурыз" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында оқушыларымыз ән мен биден шашу шашты. Мұғалімдерге өздерінің жүрекжарды өлеңдерін арнады. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өткізілді.
Наурызнама күндері жалғаса береді.