Отырар ауданы білім бөліміне қарасты мектепте 10-сынып оқушыларының мамыр айының 18–22 күндері аралығында өтетін 5 күндік оқу-дала жиынына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, сынып жетекшісі Г. Шөпшекбаева және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Әбішов 10-сынып оқушыларының ата-аналарымен арнайы жиналыс өткізіп, оқу-дала жиыны барысында сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін жан-жақты түсіндірді.
Жиын барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігі, тәртіп сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, медициналық талаптарды орындау мәселелері кеңінен қарастырылды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.
Сонымен қатар, ата-аналар қауіпсіздік ережелерімен толық танысып, келісетіндіктерін білдіріп, арнайы құжатқа қол қойды.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына негіз болары сөзсіз.





