1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні
1 наурыз – бүкіл әлемде азаматтық қорғаныс жүйесінің маңыздылығын арттыруға арналған ерекше күн. Бұл күннің басты мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әрбір азаматты кез келген қауіп-қатерге дайын болуға шақыру.
Азаматтық қорғаныс – табиғи апаттар, өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін сақтап қалуға бағытталған маңызды жүйе. Сондықтан әрбір адам қауіпсіздік ережелерін біліп, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгеруі тиіс.
Осы атаулы күнге орай мектеп ұжымы мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары насихатталды. Азаматтық қорғаныс бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету жолдары таныстырылды.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!
Сақтықта қорлық жоқ!
Баршаңызды Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнімен құттықтай отырып, әрдайым амандық, тыныштық және қауіпсіз өмір тілейміз!





