1 қазан – Қарттар күні
Бұл күн – біздің асыл қазынамыз болған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымызға деген құрметімізді білдіретін мерейлі мереке.
Осыған орай Отырар жалпы білім беретін мектебінің аға тәлімгер Ф.Төлеген, ұйымдастырушы педагог Н Нажмаддинова, кәсіби бағдар беруші Ж Абуова және әлеуметтік педагог К. Одаман ауылымыздағы абыз қарияларымыздың бірі – Орал ата мен Садық атаның шаңырағына арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.
Қария – елдің қазынасы, ұрпақтың тірегі. Аталарымыздың ақыл-кеңесі, өмірлік тәжірибесі бізге әрқашан бағдаршам іспетті. Орал ата мен Садық ата әңгіме барысында өткен өмір жолдарын, тәлімді естеліктерін айтып, болашақ ұрпаққа ізгі тілектерін білдірді.
Осындай игі дәстүр арқылы жас буын қарияларды қадірлеуді, үлкенді сыйлауды, аманатқа адал болуды үйренеді. Қарттарын ардақтаған ел ешқашан тозбайды, қайта бірлігі нығайып, берекесі артады.
Отырар мектебінің ұжымы атынан барлық қарияларымызды Қарттар күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жүздерінен күлкі, жүректерінен шаттық кетпесін деп тілейміз!
#ҚарттарКүні #ОтырарМектебі #ҰрпақСабақтастығы #ҚарияғаҚұрмет