"Достық'' ПӘБ айлығына сәйкес Нажмадинаова Назира апайдың ''Ең көп қолданыстағы желілер'' тақырыбында 7-'ә' сыныбына қазақ тілі пәнінен өткерген ашық сабағынан. Бүгінгі күннің өзекті мәселесімен байланысты, мазмұнды сабақ болды.

Тіліңізді таңдаңыз
Отырар жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік жоспарға сәйкес "Спорт және өнер" пән әдіс бірлестігінің "Спорт- тәннің сұлулығы, өнер-жанның сұлулығы" тақырыбында айлығының жабылу кеші өткізілді.
Бұл бірлестіктің мұғалімдері мен оқушылары ән мен би, сурет салу сайысы, теория жұмыстар жасап, көрерменді өзіне баурап алды.


Отырар АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Исаев Булат Серикович Отырар жалпы білім беретін мектебіне келіп, "Интернет алаяқтық» тақырыбында мұғалімдер арасында дәріс оқып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Түсіндіру барысында интернет алаяқтар қазіргі таңда Сіздің ұялы телефоныңызға қоңырау шалып, өзін банктердің менеджерімін не болмаса полиция ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырып, жалған қызметтік куәлік көрсетіп Сіздің банк картаңызға дәл қазір алаяқтар түсіп жатыр, соның алдын алу мақсатында хабарласып отырғанын айтып Сіздің сеніміңізге көріп банк картаңыздың құпия нөмерлерін Сіздің ЖСН нөмерлеріңізді алып, қауіпсіздік шараларын жасаймыз деп түрлі банктерден несиелер (кредиттер) рәсімдеп алып жатады. Осындай алаяқтық әрекеттерге жол бермеу үшін Сіздер ондай қоңыраулар түскен жағдайда ешқандай да өзіңізге қатысты мәліметтерді айтпай өзіңізге сақ болуыңыз қажет. Және де айта кететін жағдай әлеуметтік желілер арқылы инстаграмм және телеграмм желісі арқылы қаржы салсаңыз көбейтіп береміз деген чаттар арқылы өздері қаражаттар аударып, соңындаөздері аударған қаржыны не болмаса көбейтеміз деген қаржыны ала алмай арызданып жатады. Мына заманда ондай оңай олжаға ие боламын деген ойдан аулақ болып мұндай іс әрекет арқылы алданып қалмау қажеттігін ескертті.
Мектеп директоры Оспанов Жанболат ағай да сөз алып Құқық бұзушылық туралы айтып өтті. ҚР заңнамасына сәйкес 16 жасқа толмаған тұлғалардың 22:00 ден таңғы 06:00 дейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне тиым салынатыны ескертілді. Кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтық жауапкершілігі туралы, олардың алдын алу үшін ата – аналармен мектеп әкімшілігін бақылау шаралары туралы айтылды. Құқық бұзушылыққа итермелейтін факторлар жайында,ішімдік, темекі,электронды темекі талқыланды. Қауіпсіздік пен тәртіп сақтау туралы ережелер айтылды.
«Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын» және Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы отырысының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №47 хаттамасын орындау мақсатында Отырар жалпы білім беретін мектебінде кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризм профилактикасы, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы діни экстремизм профилактикасы бойынша жол картасын сапалы орындау, экстремизм және террористік қылмыстардың алдын алу және профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Жаңа жыл қарсаңында мектебіміздің ардагер ұстаздарына ерекше құрмет көрсетілді. Мектеп директоры Оспанов Жанболат ағайдың бастамасымен мектеп ұжымы ардагер ұстаз Ердемқұл Нұрқұл ағайдың, Мауленов Тайбек ағай, Смайлова Тұрғанкүл апайдың, Серікбаева Әлия апайдың, Жақыпбеков Пернебай ағай, Тайтелиева Рымкүл апайдың үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.
Бұл игі дәстүр – өткенге тағзым етіп, білім жолында еңбек сіңірген ұстаздарға құрмет көрсетудің жарқын үлгісі. Ардагер ұстаздарымыз өздеріне көрсетілген ықылас пен құрметке риза болып, шексіз алғыстарын білдірді.
Мектеп ұжымы ардагер ұстаздарға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және береке-бірлік тіледі. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенімдіміз!
Ұстаздарды құрметтеу – болашаққа жол ашу
«Отырар жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша Отырар аудандық білім бөлімінің 23 желтоқсан 2024 жылғы №41-10/296 хатына сәйкес жасөсіпірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында, оқушыларға кафе, тойханаларда, ата–анасынан тыс жерлереде /заңды өкілінсіз/ жаңа жылдық кешке арналған қымбат киім, сәнді шашпен, жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға және өткізуге тиым салынғандығы туралы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, суицид пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы және мектеп оқушыларының қысқы маусым кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу, әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу аясында 7-11 сыныптар арасында «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» тақырыбында жиын болып өтті.
Жиынға қатысушылар 7-11 сынып оқушылары - 169 және сынып жетекшілері - 9, тәлімгер, әлеуметтік педагог, психологтар , ұйымдастырушы педагог, Ж.Оспанов-директор және Отырар АПБ ЖПК УПИ полиция капитаны Р.Ниязбекұлы қатысты.
Мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Ж.Абишов сөз алып оқушыларға кафе, тойханаларда, ата–анасынан тыс жерлерде /заңды өкілінсіз/ жаңа жылдық кешке арналған қымбат киім, сәнді шашпен, жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға және өткізуге тиым салынғандығы туралы және кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша және есірткі мен нашақорлыққа әуестенбеу, ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің, суицидтің алдын алу бойынша«Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды» атты баяндамаоқыды. Оқушылардың сабақтан кешікпеуін, себепсіз сабақтан қалмауын, мектеп формасының қатаң сақталуын талап етті. Сонымен қатар қысқы маусым кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндірме айтып өтті.
Мектеп психологы Б.Абдрахимов буллинг және кибербуллингтің алдын бойынша түсіндірме айтып өтті.
Мектеп директоры Ж.Оспанов сабақ уақытында мектептің ішкі тәртібіне бағынып, мектеп ережесін қатаң сақтау керек екендігін, кешкілік сағат 10.00-ден кейін көшеге шықпау, ойын-сауық орындарына бармау керектігін, автокөлік, мотороллерді жүргізбеуін қатаң ескертіп өтті.
Сонымен қатар, Отырар АПБ ЖПК УПИ полиция капитаны Р.Ниязбекұлы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін атап өтті. Мектептің ішкі ережесін жиі бұзатын, кешкілік көшеге жиі шығатын оқушыларды «Тәрбиеге қиындық келтіретін» оқушы ретінде мектепішілік және АІІБ-не есепке алынатындығын ескертті. Оқушылардың қауіпсіздігі туралы, жоғары сынып оқушыларының кәмелетке толмауына байланысты автокөлік жүргізуге болмайтынын ескертті.

