Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында сұрақ-жауап және баяндама

«Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында сұрақ-жауап және баяндама

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 9-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз өмір» тақырыбында сұрақ-жауап және баяндама түрінде мазмұнды іс- шара өтті. Іс-шара барысында оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары, қауіпсіздік ережелері мен өз құқықтарын қорғау туралы маңызды ақпарат берілді.

Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Осындай шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Балалардың санасына ізгілік, сыйластық, түсіністік құндылықтарын сіңіру – біздің басты мақсатымыз.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2046798062747726&set=pcb.2046798272747705&__cft__[0]=AZXzQFRFM7s4uEST14tuqAdjHKUN6H_vhnD37PSxgbW9iTsEQK-BHlkTWDcLlakSdA05teCoh2CgNK4e-PYMJBSKZ-XluJBwXBSPetxy81X2LPhD2HWiPN5LANshsZOLCJXZTk4as4MvvkO_uFaob8z8okZhs4a7SP--BO6ZaawXJw&__tn__=*b0H-R