Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
ЖЕТІСТІК ЖӘНЕ ЖЕҢІС ҚУАНЫШЫ!

ЖЕТІСТІК ЖӘНЕ ЖЕҢІС ҚУАНЫШЫ!

ЖЕТІСТІК ЖӘНЕ ЖЕҢІС ҚУАНЫШЫ!

Сауран ауданы, білім бөліміне қарасты №4 жалпы білім беретін мектеп базасында «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» жобасының облыстық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білімді де бәсекеге қабілетті оқушылардың басын қосты.

Осы байқауда «Отырар» жалпы білім беретін мектебінің "Өзін -өзі басқару" ұйымының Президенті Әшірбай Райян өзінің білімділігімен, көшбасшылық қабілетімен және табандылығымен ерекшеленіп, І дәрежелі диплом иегері атанды. Сонымен қатар ол республикалық кезеңге жолдама алып, үлкен мүмкіндіктер биігіне қадам басты!

Жас көшбасшының осындай биік нәтижеге жетуіне бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі – Аға тәлімгер Төлеген Фарида. Ұстаз еңбегі – шәкірт жетістігімен өлшенетіні белгілі. Сондықтан бұл жеңіс – ортақ еңбектің, жүйелі тәрбиенің және сапалы тәлімнің нәтижесі.

Мектебіміздің абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткен Райянға және оның жетекшісіне зор алғысымызды білдіреміз!

Алдағы республикалық кезеңде де биік белестерден көрініп, ел үмітін ақтап, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!

Жеңістеріңіз көп болсын! Мектебіміздің мерейі әрқашан үстем болсын!

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2154161715344693&set=pcb.2154161755344689&__cft__[0]=AZZDImlJGu7Mf7Dv1ifWiOy_Su0nhjBNEJ2f1Ah4NNLgWBck15a7Xwc-ztkpHv1KwQ0a13ZlsOCeohcfmtABr0HuAdvuYOLXzVwLcE33degk3gZwPYcjZzvYjPV4E_35mKk&__tn__=*b2H-R