«Желідегі қауіпсіздік» атты флешмоб өтті!
"Отырар" ауданының білім бөлімі" КММ-нің 16.10.2025 жылғы №25/6642 хаты негізінде «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік желіні пайдалану кезінде кездесетін қауіптерден сақтандыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Флешмобқа "Отырар" жалпы білім беретін мектептің 8, 9, 10-сыныптарынан барлығы 62 оқушы белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Оқушылар әлеуметтік желіде дұрыс әрекет ету, өз жеке деректерін қорғау, интернеттегі қауіпті сілтемелер мен жалған ақпаратты ажырату туралы пайдалы мәліметтер алды.
Іс-шара барысында оқушылар интернетке тәуелді болмаудың жолдарын талқылап, цифрлық кеңістікте қауіпсіз және әдепті болудың маңызын түсінді. Бұл өз кезегінде олардың мәдениетін арттырып, жақсы қарым-қатынас дағдыларын дамытты.
Флешмобтың нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, желідегі өз жауапкершілігін сезіне білді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
#ЖелідегіҚауіпсіздік #АдалАзамат #ЦифрлықСауаттылық #ҚауіпсізИнтернет





