Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 Жеңіс құтты болсын!

Жеңіс құтты болсын!

🏆♟ Жеңіс құтты болсын! ♟🏆

"Мектеп лигасы" аясында шахмат ойыны бойынша 5–6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық жарыста "Отырар" жалпы білім беретін мектебінің "Шахмат" үйірме жетекшісі Амангелді Бағдат ағайдың дайындаған оқушылары жоғары шеберлік пен тапқырлық танытып,жүлделі І орынға ие болды!

Бұл зор жетістік – табанды еңбектің, жүйелі дайындықтың және ұстаз бен шәкірт арасындағы сенімнің жемісі.

Жеңімпаз команда облыстық жарысқа жолдама жеңіп алып, мектебіміздің абыройын асқақтатты.

Бағдат ағайға шығармашылық табыс, ал оқушыларымызға алдағы облыстық кезеңде сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

Жеңіс жолыңыз жалғаса берсін!