Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Жастардың ерте еңбекке араласуын дұрыс деп есептейміз»....

«Жастардың ерте еңбекке араласуын дұрыс деп есептейміз»....

"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде. 10 сәуір күні "Дебат" үйірме жетекшісі Алтаева Элмира, тәлімгер Төлеген Фариданың ұйымдастыруымен 9–10 сынып оқушылары арасында «Жастардың ерте еңбекке араласуын дұрыс деп есептейміз» тақырыбында пікірсайыс өтті. Бұл тақырып бүгінгі қоғам үшін аса өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, өз позицияларын жан-жақты қорғады. Бір топ жастардың ерте еңбекке араласуы олардың жауапкершілігін арттырып, өмірге бейімделуіне оң әсер ететінін дәлелдеуге тырысса, екінші топ бұл құбылыстың білім алуға кері ықпал етуі мүмкін екенін алға тартты. Әрбір спикер өз ойын нақты дәлелдермен, өмірлік мысалдармен негіздеп, қарсы тараптың пікіріне сыни тұрғыда жауап берді. Пікірталас мәдениетін сақтай отырып, оқушылар өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізе білді.

Жастардың еңбекке ерте араласуының артықшылықтары ретінде тәжірибе жинақтау, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну сияқты аспектілер айтылса, кемшіліктері ретінде оқу процесіне кері әсері, балалық шақтың шектелуі секілді мәселелер қозғалды. Бұл өз кезегінде оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мәселені жан-жақты қарастыруға үйретті.

Аталған іс-шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, шешендік өнерін шыңдауға, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруға зор ықпал етті.

Осындай мазмұнды да мәні зор пікірсайыстар оқушылардың тұлғалық дамуына, қоғамдық белсенділігінің артуына және болашақта саналы азамат болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2150324489061749&set=pcb.2150324772395054&__cft__[0]=AZYeg4FgibGY3CtH-01Ex76hkl2Gb-dUnzEf3kM_2Wx6UMJbQP7D5KGKMx4d13wWmeQjYAElLIxmdcAr40n7KwOVOFXTC8uVRWihooa6t2-uqz8IlJbE6rr3ohz59u3VuaA&__tn__=*b0H-R