Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
Жас дарындарымыздың әрбір жеңісі – ұстаздар еңбегі

Жас дарындарымыздың әрбір жеңісі – ұстаздар еңбегі

Мектебіміздің білім мен спорт додасында үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды мектеп директоры К.Асилбеков арнайы құттықтап, марапаттарын табыстады. Бұл – шәкірттеріміздің тынымсыз еңбегі мен биік мақсатқа деген ұмтылысының айқын дәлелі.

Осындай жетістіктер – мектебіміздің мерейін өсіріп, болашаққа деген сенімді нығайтады. Жас дарындарымыздың әрбір жеңісі – ұстаздар еңбегінің, ата-ана қолдауының және оқушыларымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Құрметті оқушылар, сіздердің табыстарыңыз – біз үшін үлкен мақтаныш! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспіз! 🌟