"Жаратылыстану" пән әдіс бірлестігінің айлық іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған жұмыстар өз мәресіне жетті.
Айлық барысында пән мұғалімдері оқу үдерісін жандандырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мазмұнды әрі әдістемелік тұрғыдан құнды іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін танытқан ашық сабақтар, оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін, логикалық және зерттеушілік қабілетін дамытатын сайыс сабақтар, білімін тереңдетуге бағытталған рефераттар мен шағын ғылыми жобалар ұсынылды.
Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған қабырға газеттері, танымдық ақпараттық бұрыштар безендіріліп, жаратылыстану пәндерінің мазмұнын кеңінен насихаттады. Бұл жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын күшейтіп, зерттеушілік бағытқа ынталандырды.
Айлықтың қорытынды бөлімінде белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
Іс-шараларды қорытындылап, алдағы жұмыс бағыттарына тоқталған — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Төлегенова.
Жаратылыстану пәндері бойынша мазмұнды да нәтижелі айлық өткізуге үлес қосқан барлық мұғалімдерге алғыс білдіреміз.
Ғылымға құштар, ізденімпаз ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!





