Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
 «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық шарасы өтті

«Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық шарасы өтті

Қасиетті Рамазан айында "Отырар" жалпы білім беретін мектебінің 1-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Сейтбекова Қарлығаш апайдың ұйымдастыруымен «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық шарасы өтті.

Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық секілді асыл қасиеттерді сіңіру, жақсылық жасауға баулу. Бүлдіршіндер өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, қолдарынан келгенше көмек көрсету арқылы жақсылықтың кішкентай жүректен басталатынын дәлелдеді.

Жақсылық жасау үшін үлкен мүмкіндік не мол қаражат міндетті емес. Бір ауыз жылы сөз, шынайы қолдау мен ықыластың өзі адамға үлкен күш береді. Осындай игі істер арқылы балалардың жүрегінде мейірім оты маздап, адамгершілік құндылықтар қалыптасады.

Жақсылықтың шуағы әр шаңыраққа жетсін!

Алла ниетімізді қабыл етсін!

#жақсылық_жасап_жарысайық

#рамазан2026 #қайырымдылық #мейірім

https://www.facebook.com/reel/902365339316503