Педагог-психолог Б. Абдрахимовтың ұйымдастыруымен «Жақсы көңіл күй – жанға шипа» тренингі өтті
Мектебімізде педагогтардың эмоционалдық жағдайын қолдау, күйзелістің алдын алу және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында ерекше форматтағы тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұстаздар:
бір-біріне жылы сөз айтып, алғыс білдірді
күлкі терапиясы арқылы сергіп, жағымды көңіл күйге бөленді
өзара қолдаудың маңызын сезінді
күнделікті жұмыста көңіл күйді көтеретін қарапайым әрекеттермен бөлісті
Тренингтің басты мақсаты – мұғалімнің жан тыныштығын сақтау, позитивті ой қалыптастыру және ұжымдық бірлікті нығайту. Жылы сөз бен шынайы күлкінің өзі жанға қуат, жүрекке демеу болатыны тағы бір мәрте дәлелденді.
Көңілі көтеріңкі ұстаз – шабытты сабақтың, сапалы білімнің кепілі!





