Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Жүз жыл жырлаған жүрек»

«Жүз жыл жырлаған жүрек»

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай 7-сынып оқушылары арасында «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты танымдық сабақ ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – ғасыр жасаған ақынның өнегелі өмір жолын, елдік пен ерлікті жырлаған шығармаларын насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болды.

Сабақ барысында оқушылар ақынның балалық шағы, шығармашылық қалыптасу кезеңі, халық поэзиясындағы орны туралы кеңінен мағлұмат алды. Жыр алыбының Отан, бірлік, ерлік тақырыбындағы өлеңдері мәнерлеп оқылып, мазмұны талданды. Сонымен қатар, оқушылар арасында сұрақ-жауап, пікір алмасу ұйымдастырылып, ақын шығармаларының тәрбиелік мәні жан-жақты ашылды.

Оқушылар Жамбыл жырларының өміршеңдігін, оның ел тарихымен біте қайнасқан асыл мұра екенін түсініп, рухани әсер алды. Мұндай тағылымды шаралар жас буынның тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық рухын көтеруге ықпал етеді.

Іс-шараны ұйымдастырған: тәлімгер Ф.Төлеген, ұйымдастырушы Н.Нажмаддинова.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2114587812635417&set=pcb.2114588252635373&__cft__[0]=AZaHCVSkH0019ou_4jRI7qPcmxawCtiE_UV9teTMBq1r5DZYJdPIUnoPeaZCGmUuHgvmRwlroKHBaXh6FOI_w4pAWuysDeRwWlG6lL8Ogmn9HJaWgHj02NULwK6Ej15fUM9hAbHnST_rHM1NB6p1NJ5cu3ZD4DSJyyxYJXGM4cuImO-i-rgBiYfghXi82lqvu2g&__tn__=*b0H-R