«Жұлдызбен жүздесу» – шабытқа толы әсерлі кеш!
Отырар жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың өнерге қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа жетелеу мақсатында дәстүрлі «Жұлдызбен жүздесу» атты рухани-мәдени кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Кештің арнайы қонағы – елге танылған актер көз, талантты өнер иесі Шәкен Амантуров болды. Сонымен қатар сахнаның сәнін кіргізген «Семсер» тобы және басқа да өнерпаздар өздерінің әсем әндерін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Кеш барысында оқушылар қонақтарға түрлі мазмұнды сұрақтар қойып, өнер жолындағы қиындықтар, еңбек, табысқа жету жолдары жөнінде пайдалы да әсерлі жауаптар алды. Бұл сұхбат оқушылар үшін үлкен мотивация мен рухани азық болды.
Бұл кештің жоғары деңгейде өтуіне үлкен демеушілік көрсетіп, қолдау білдірген Ән-әуез үйірмесінің жетекшісі, өнерге жанашыр ұстаз Әуезов Ержан ағайымызға ерекше алғыс айтамыз. Ержан ағайдың ұйымдастырушылық қабілеті мен демеушілік көмегі кештің мазмұнын байытып, оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.
Кеш соңында ардагер ұстаз Ғалия апай қонақтарға жүрекжарды алғысын білдірсе, мектеп директоры К. Асилбеков шығармашылық ұжымға ризашылығын айтып, құрмет белгісі ретінде шапан жабу рәсімін жасады. Бұл – өнер адамдарына деген шынайы ілтипат пен құрметтің белгісі.
Оқушылардың шығармашылығын шыңдап, рухани байлығын арттырған бұл кеш мектеп өміріндегі маңызды шаралардың бірі болды.
Өнер – руханияттың шыңы. Өнер адамымен жүздесу – үлкен тәрбие мектебі.
Қонақтарымызға алғыс!
Ержан ағайға ерекше ризашылық!
Өнерлі өрендерге шабыт тілейміз!
https://www.facebook.com/share/v/16Y1ThFpeR/?mibextid=wwXIfr
https://www.facebook.com/share/v/1BvwkbEQiE/?mibextid=wwXIfr





