«Зерек» пән әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылуы
Бүгін мектебімізде «Зерек» пән әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект – ғылым мен болашақтың кілті» тақырыбындағы айлық іс-шараның салтанатты ашылуы өтті.
Айлықтың басты мақсаты – білім алушылардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыру, жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін таныстыру, цифрлық сауаттылықтарын дамыту және болашақ мамандықтарға бағыт беру.
Ашылу барысында оқушылар жасанды интеллекттің ғылым мен білім саласындағы рөлі, оның адам өмірін жеңілдетудегі маңызы туралы мағлұмат алып, өз ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта айлық аясында түрлі танымдық сабақтар, шеберлік сағаттары, сайыстар мен жобалық жұмыстар ұйымдастырылатын болады.
Бұл шара – оқушылардың шығармашылығын шыңдап, жаңа технологияларды игеруге жол ашатын маңызды қадам.Білім мен инновация ұштасқан айлық жұмысына сәттілік тілейміз!





