Бүгін мектебімізде «Зерек» пән әдіс бірлестігінің айлық іс-шарасы өз мәресіне жетті. Бір ай бойы өткізілген ашық сабақтар, зияткерлік сайыстар, сыныптан тыс шаралар мен тәжірибе алмасу алаңдары – барлығы да ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын айқын көрсетті.
Атап айтқанда, физика, математика және информатика пәндері бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге зор мүмкіндік берді.
Айлық аясында өткен әрбір сабақ – ізденіс пен жаңашылдықтың, тәжірибе мен табыстың көрінісі болды. Ұстаздарымыз өзара тәжірибе алмасып, әдістемелік қоржындарын толықтырды.
Осындай мазмұнды шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!
Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!





