Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Үздік жас маман – 2026» байқауы

«Үздік жас маман – 2026» байқауы

«Үздік жас маман – 2026» байқауы

«Жас маман – болашақ бас маман» апталығы аясында мектебімізде жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған «Үздік жас маман – 2026» байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың басты мақсаты – жас мамандардың біліктілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, педагогикалық шеберліктерін шыңдау және өз мамандығына деген жауапкершілігін қалыптастыру болды.

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең – «Таныстыру» бөлімінде қатысушылар өздерін ерекше қырынан таныстырып, ұстаздық жолдағы мақсаттары мен өмірлік ұстанымдарын әсерлі жеткізді.

Екінші кезең – «Өнерлінің өрісі кең» бөлімінде сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, көркем сөз оқып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Үшінші кезең – «Үздік сабақ» бөлімінде жас ұстаздар сабақ өткізіп, өздерінің әдіс-тәсілдерін, оқушылармен жұмыс жүргізудегі шеберліктерін, жаңашылдығы мен педагогикалық мәдениетін көрсетті.

Төртінші кезең – «Білікті маман – Ел тірегі» бөлімінде қатысушылардың білім деңгейі, кәсіби біліктілігі мен ой-өрісі сұрақ-жауап арқылы сыналды.

Бесінші кезең – «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысында қатысушыларға ситуациялық тапсырмалар беріліп, ұстаздық қызметтегі түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттері бағаланды.

Байқауға мектебіміздің 6 жас маманы қатысты:

1. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі — Бүркітбаева Мақпал

2.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі — Айгерім Лайықова

3. Логопед — Ақбота Қайратқызы

4. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі — Асылзат Елемесқызы

5. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі — Ақерке Асқарқызы

6. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі — Жадыра Сембайқызы

Байқау барысында жас мамандар өздерінің жаңашылдығы, ізденімпаздығы, креативті ойлары мен жоғары дайындық деңгейі арқылы көрермендер мен әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Мектеп директоры Асилбеков Керімбек жас мамандарды арнайы марапаттап, қатысушыларға кинотеатрға баруға демеушілік жасап, жас ұстаздарға ерекше қолдау көрсетті.

Сонымен қатар байқауға жетекшілік еткен Сәрсенбек Әсілбек жас мамандарға өз атынан арнайы сыйлықтар табыстап, олардың еңбегіне жоғары баға беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Бұл жас ұстаздарға үлкен мотивация сыйлап, олардың кәсіби жолында жігер берері сөзсіз.

Байқауды ұйымдастырған Нұргүл Нұржанқызы мен Элмира Қалжанқызы.

Осындай тағылымды шаралар жас ұстаздардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, олардың шығармашылық ізденістерін арттырып, білім саласының дамуына өз үлесін қосары анық.

https://www.facebook.com/100022526569105/videos/pcb.2131696904257841/1222383853393171?__cft__[0]=AZaB_bUOZVHIxRv-uRI0gEtzoxBc7Fgk_S17vXC5cMYzhcWLSFu_ADHrJkovKOlm0CfxQMwnURYf1FzGkTB-lD8ZThMe_SeAaFCW6CA2ybxjxmGyK_dqFzfh1XPqW29aOsSU-VXx-wsgUPUZBONpHrM8A_VUK3BSxzVRAM7dwFK16pJoidZKXbNEelkfJyK1EcU&__tn__=*b0H-R