Отырар жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
«Зат есімнің септелуі»

«Зат есімнің септелуі»

Мектептің айлық іс-шара жоспарына сәйкес 16.01.2026 күні Отырар жалпы білім беретін мектебінде 4 «ә» сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті.

Сабақты сынып жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Аманқұлова Клара Төребекқызы өткізді.

Сабақтың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі».

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Ғажайып сөздер», «Ұяшықтар» ойындары тиімді қолданылып, тақырыпты меңгертуде жұптық, топтық және жеке жұмыс түрлері жүйелі ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.

Сабақ викториналық ойынмен қорытындыланып, оқушылардың білімдері ашық журнал арқылы бағаланды. Кері байланыс жүргізіліп, сабақ өз мақсатына толықтай жетті.

Осындай мазмұнды да тиімді сабақтар оқушылардың білім сапасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын күшейтеді.

https://www.facebook.com/photo/?fbid=2081403592620506&set=pcb.2081403739287158&__cft__[0]=AZYgePODUiJ7ceJE-AqdCusT6MSlj19qkqwWUy6Lz11GdAphg11sVDXSI-rt8bxg4cUEahwfGfws5QTVMKqm7dO9Z5zyw25XPjeBjNK_Z4wXM0dUxS4iB7qEN-0EGDcNX0-zjFwi95wbPp82_mhbaaa_4-I24zeg92rct3jmGd8GA5tigkHiw_B5yl1XVdBctnw&__tn__=*b0H-R