Отырар жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде оқушылармен маңызды кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Іс-шараға мектеп директоры К.Асылбеков, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абишов, Отырар ауылының имамы Раев Пернехан, Отырар АПБ КҚБ ЮПТ полиция подполковнигі Т.Менлібаев, Отырар АПБ КҚБ ЮПТ полиция лейтенанты М.Сержан, Отырар АПБ КҚБ жедел уәкілі полиция капитаны С.Көшен және 8–11 сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері төмендегі өзекті тақырыптар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді:
Буллинг пен әлімжеттікке жол жоқ – оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың зияны, оның психологиялық әсері және заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді.
Лудомания – ғасыр дерті – құмар ойындарға тәуелділіктің (онлайн казино, ставкалар) зардаптары, оның қаржылық және психологиялық қауіптері айтылды.
Нашақорлық және синтетикалық есірткінің қаупі – есірткі заттарының адам ағзасына тигізер зияны мен қылмыстық жауапкершілік туралы нақты ескертулер берілді.
Тақырыптар аясында арнайы бейнероликтер мен деректі фильмдер көрсетіліп, оқушыларға ой салатын маңызды мәліметтер ұсынылды.
Осындай кездесулер – жас ұрпақты теріс әрекеттерден сақтандыруға, саналы таңдау жасауға және заңды құрметтеуге тәрбиелеудің тиімді жолы.





