«Заңды білу – заман талабы» атты пікірсайыс өтті
"Отырар" жалпы білім беретін мектебінде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған «Заңды білу – заман талабы» атты кең көлемді пікірсайыс ұйымдастырылды. Қазіргі заманда заңды білу, құқықтық нормаларды түсіну – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен қауіпсіздігінің кепілі екені айтылды.
Алдымен шара мазмұнды баяндама оқылумен басталып, оқушыларға еліміздің заң жүйесі, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, өз құқығы мен міндетін білу қажеттілігі туралы кең көлемді мәлімет берілді. Баяндама барысында жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілікті сезіну мәселелері қозғалды.
Шараның келесі бөлігі — пікірсайыс форматында жалғасты. Оқушылар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық жағдайларды талқылап, өз көзқарастарын дәлелдеуге тырысты. «Құқықтық сауаттылық не үшін қажет?», «Жастар арасындағы құқық бұзушылықты қалай азайтамыз?», «Әр азаматтің заңды білу деңгейі қоғамды қалай өзгертеді?» сияқты маңызды сұрақтар төңірегінде қызу пікір алмасу өтті.
Пікірсайыс барысында оқушылардың ой-өрісі, талдау қабілеті, заңға деген құрметі байқалып, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жол ашылды.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған қосымша білім беру педагогы Ғ.Жүсіпбаевқа алғыс айтамыз. Бұл бастама оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың болашақта саналы азамат болып қалыптасуына үлкен серпін береді.





