«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны – білім мен парасаттың бәсекесі!
2025–2026 оқу жылының 11-сынып оқушылары арасында өткен аудандық кезең өз мәресіне жетті. Бұл додада Отырар жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Тұрдалы Нұрбақыт ерекше дайындық пен терең білімін көрсете отырып, I орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Зияткерлік сайыс барысында Нұрбақыт логикалық ойлау қабілетімен, шешендік өнерімен, ел тарихы мен жалпы білім салаларындағы терең білімімен көзге түсті. Әр сұраққа нақты, сенімді жауап беріп, шынайы көшбасшылық қасиеттерін танытты.
Оқушының бұл жетістігі – табандылық пен еңбектің нәтижесі. Оған бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі Төлеген Фарида.
Білім бәйгесінде I орынды иеленген Тұрдалы Нұрбақыт енді облыстық кезеңде аудан намысын қорғап, жаңа биіктерді бағындыруға аттанады.
Жас зияткерімізге сәттілік, шабыт және жеңіс жолы ашық болсын!
#XXIғасыркөшбасшысы #Отырармектебі #Жетістік #Мақтанышымыз #Зияткерлікойын





